ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛАҒАТ КӨЗІ » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-59-05
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-60-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2024

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛАҒАТ КӨЗІ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛАҒАТ КӨЗІ

Ел болашағы  – кейінгі толқын жастар. Оларды дұрыс  жолға тәрбиелеу елдің жарқын болашағы үшін жасалған игі қадам саналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұл мен қыздың тәрбиесінен көз жазбаған.

Осыған орай, бүгін Республикамызда бастау алған “Ақ отауға - ақ бата” жобасы аясында педагог М. Мыңбайұлы атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушы қыздарымен, мектеп ұстаздары және ата-аналармен “Қыз- адамзат көркі” тақырыбында кездесу өтті.

Ұрпақ тәрбиелеу жолында тәжірибесі мол аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева мектеп оқушыларына қыз бала тәрбиесі, жас отбасы тәрбиесі, ата-ананың рөлі мен қызметі, қоғамдағы тіл мәртебесі, ұлттық дәстүр мен отбасылық құндылықтарды нығайту, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, ынтымақ, береке-бірлік жөнінде рухани ой өрбітіп, өз білгендерімен бөлісті. Сондай-ақ, Үшарал қаласының аналар кеңесінің төрайымы Зайра Жұманова қыз баланың қоғамдағы рөлі жөнінде сөз қозғады.

“Alakol jastary” филиалының психолог маманы Жұлдыз Бауыржанқызы мектеп қыздарына “Есесіне мен”, “Мақал-мәтелдер”, “Ағаштағы орының қандай?” атты тақырыптарда тренинг өткізді.

Аудандық аналар кеңесінің жобасы аясында аудандық орталық кітапхана ұжымының «Даналық мектебі» атты кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды. Көрме «Атаның өсиеті», «Әженің даналығы», «Әке қамқорлығы», «Ана мейірімі» тақырыбында төрт бөлім бойынша қамтылды. Аудандық орталық кітапханасының директоры Жанна Омарова сөз алып, кітап оқудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Тәлім-тәрбиесі мол шарада мектеп оқушылары мен ата-аналар белсене ат салысып, өз ойларын ортаға салды
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс көшесі,183 үй

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru