Мектеп ұстаздарымен қарым-қатынасты нығайту трениг » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-59-05
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-60-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2023

Мектеп ұстаздарымен қарым-қатынасты нығайту трениг


Мақсаты:
ұстаздар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, көңіл -күйді көтеру, өзін-өзі қосымша тануға,бірін-бірі жақсы түсінісуге ықпал жасау, баулу.
Жоспары:
  1. Медитация.
  2. Сәлемдесу. «Бумба – Юмба» жаттығу.
  3. Арт-терапиялық жаттығу «Менің отбасым гүлдер бейнесінде» сурет салу.
  4. «Өзін-өзі тексеру» жаттығуы .
  5. «Майшам» жаттығуы.
         Тренинг  барысында: 
         1.«Медитация» жаттығуы 5 минут.
Таспаға жазылған релаксациялық музыка койылады.  Тренингке   қатысушылар көздерін  жұмып берілген  нұсқаумен  медитациямен жұмыс  жасайды. 
          2.Сәлемдесу. «Бумба – Юмба» жаттығуы.
          Мақсаты: ұстаздар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.
Біз барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына ұсталып қалдық деп елестетейік. Олардың қағидасы: «Тайпаға қабылданғыларың келсе – қасыңдағы адаммен мұрын түйістіріп, соңынан арқа сүйкеп амандасу керек.»
          3.Арт-терапиялық жаттығу «Менің отбасым гүлдер бейнесінде» 15 минут.
Мақсаты: педагогтарды   бір-бірімен  жақын таныстыру. Психологтың нұсқауымен әр қатысушы берілген   А3 форматтағы  қағазға отбасын гүлдер  формасында  салып түсіруі   керек. Бұл  жаттығу қатысушыларды  өзара  жақын   таныстырып, бір–біріне  деген оң көзқарастың тууына  ықпал  жасайды. 
4.«Өзін-өзі тексеру» жатығуы. 
Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту; жеке позициясын түсіну.
Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.
4. «Майшам» жаттығуы.
    Біздің тренингіміз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
   Қоштасуға майшамды алған себебім, ол айналасына жарық шашады, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да күндеріңіз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы уақытта барлығымыз бір адамдай ұйымшыл болып қызмет атқарайық!
Қорытынды: психолог     топ   мүшелерімен кері  байланыс  орнатып бүгінгі өткен  тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.  Әрбір   қатысушыға  тренингке  белсене   қатысқаны  үшін алғыс айтып, бір- біріне деген  жылы лебіздерімен қоштасты.
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс көшесі,183 үй

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru