05
сентябрь
2023
М.Жұмбаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған ашық диктант өткізілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізінде 2023 жылғы 5 қыркүйекте педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектепте қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктант тақырыбы-"Мағжан Жұмабаев- заманның заңғар тұлғасы"
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- Диктантқа қатысушыларға мемлекетік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- Сауатты жазудың маңыздылығын назар аударту;
- Этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық берегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға атсалысу.






