«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты ата-аналар жиналысы » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-59-05
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-60-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2024

«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты ата-аналар жиналысы

Оқу – ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты ата-аналар жиналысын ұйымдастыру туралы облыстық білім басқармасының 25.09.2024 жылғы №44/44-509 шығыс хаты негізінде ата-аналар жиналысы өтті.“Бала қауіпсіздігі -қоғам болашағы” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп әкімшілігі, мектеп психологы және ата-аналар қатысты. Жиналыста «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуы, әлеуметтік жобалар мен іс-тәжірибелер туралы айтылды. Қауіпсіздік сабақтарын өткізуге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсынылған «Өнегелі 15 минут» бастамасының маңыздылығы айтылды.
«Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тиіс. Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу – бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, сонымен қатар өз баласымен оны әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты», - деп атап өтті мектеп директоры Б.С.Иманкулов
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс көшесі,183 үй

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru