5-10 сынптар аралығында ойын жаттығулар » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-59-05
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-60-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2023

5-10 сынптар аралығында ойын жаттығулар

1. «Балық аулау»
Мақсаты: балаларға керек дыбысы бар сөздерді таңдауды үйрету, дыбыстық талдау дағдыларын бекіту. 
Ойын барысы. Балаларға нұсқау беріледі: «Қ» дыбысы (немесе кез келген басқа дыбыс) бар сөздерді аулау». Бала «балық аулайтын қармақтың» ұшындағы магниті бар таяқшаны алып, қағаз қыстырғыштары бар қажетті суреттерді «аулай» бастайды. «Қармаққа түскен балықты» бала басқа балаларға көрсетеді, олар қол шапалақтау арқылы дұрыс таңдауды білдіреді. Ойыншылардың саны: бір немесе бірнеше оқушы. 
2. «Теледидар»
Мақсаты: оқушылардың сөйлеу әрекетінде дыбыстық талдау мен жинақтауды дамыту және жетілдіру. Дисграфияның алдын алу. Оқу дағдыларын дамыту. 
Ойын барысы. Сөз теледидар экранында жасырылады. Тақтада немесе жиынтық кенепте орналастырылған сөздің әрбір әрпінің үстіне суреттер жапсырылады. Бала суреттер арқылы берілген сөздердің алғашқы әріптері арқылы жасырылған сөзді табуы керек. Бала  сөзді дұрыс құрастырған кезде, теледидар экранында жасырылған сөз ашылады. 
Мысалы: жасырылған сөз – АСПАН
Суреттерде: аю, сағат, піл, арыстан, нан
Ойыншылардың саны: бір немесе бірнеше оқушы. 
3. «Жануарларды орналастыр»
Мақсаты: балаларға оппозициялық дыбыстарды ажыратуды үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. 
Ойын барысы. Терезелері бар үй тұр. Төбесінде әріп жазылған. Үйдің жанында   жан-жануарлар мен құстардың суреттері орналастырылған. Балалар сөз құрамында үй төбесіндегі әріпке сәйкес келетін дыбысы бар жануарлар атауы жазылған суреттерді таңдап, оларды терезеле ойықтарына орналастыруы керек. 
Мысалы: Қ және А әріптері бар үйлер. 
Келесі суреттер орналастырылған: қасқыр, бақа, құтан, тауық, ит, аю, тышқан, тауық, мысық, күшік. Оқушы барлық сөздерді дыбыстап айтуы керек.  
Ойыншылар саны: 1-2 оқушы 
4. «Сөздер тізбегі» 
Мақсаты: дыбыстарды саралап анық айтуды үйрету, сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын дамыту. 
Ойын барысы. Сурет орналастырылады, оған тізбектеліп алдыңғы сөз аяқталатын дыбыстан келесі сөз басталатындай суреттер тізбегі құрастырылады.  
Ойыншылардың саны: бір адам немесе бірнеше оқушы 
5. «Гүлді құрастыр» 
Мақсаты: оппозициялық дыбыстарды (қатаң-ұяң дыбыстарды) ажырата білуді үйрету, оқушылардың фонематикалық есту және аналитикалық-синтетикалық сөйлеу әрекетін дамыту. 
Ойын барысы. Үстелде гүл «табаны» жатыр. Онда белгілі бір әріп жазылған, мысалы, «С». Жақын жерде «гүл күлте жапырақшалары» орналасқан, оларда [с], [з], [ш], [ц] әріптері бар суреттер салынған. Бала суреттері бар осы «гүл жапырақшаларының» арасынан [с] дыбысы бар суреттерді таңдап алуы керек. Ойыншылар саны – 1-3 оқушы. 
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс көшесі,183 үй

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru