Педагог-психологтың 2022-2023 оқу жылына арналған жарты жылдық есебі » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-59-05
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-60-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2023

Педагог-психологтың 2022-2023 оқу жылына арналған жарты жылдық есебі

Педагог-психологтың 2022-2023 оқу жылына арналған жарты жылдық есебі
     Оқу жылының  басында  2022-2023 оқу жылында жылдық ,айлық жоспар құрылды. Жоспар бойынша қыркүйек айында оқушылар туралы мәлімет жинақталып , сыныптың әлеуметтік картасы жасалды мектеп бойынша 416 оқушы бар оның ішінді әлеуметтік санаттағы оқушылар , көп балалы 187,аз қамтылған -13,толық емес отбасы-47 санаттар анықталды. Психологиялық карта жасалды. Мектеп алды даярлық топ оқушыларының тізімдері жинақталып, топ балаларымен танысып ,мектеп ережесіне қалыптасуын және ортамен қарым-қатынасы келген оқушыларға психологиялық карта жасалды.Сыныптың әлеуметтік құрылымын анықтау барысында (социометрия әдістемесі) ұсынылды ,орындау иерзі бойырнша , сұраныс бойынша. Мектепшілік, қолайсыз отбасы есебінде тұрған оқушыларға жылдық жоспар құрылды.Сауалнама, тренигтер,кеңестер берілді. 
  Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 1 а,б сынып оқушыларына қызықты сұрақтар қою арқылы таным процестері зерттелді. Оқушылардың басым бөлігі мектептің оқушылары болғандықтан олармен тіл табысу қиын болған жоқ. Білім беру мекемелеріне жасөспірімдер арасында суицидтік мінез құлықтың алдын-алу жұмыстары бойынша ДТЖО мен бірлескен жылдық жоспар бекітілді. Білім беру мекемелеріне жасөспірімдер арасында суицидтік мінез құлықтың алдын-алу мәселелері бойынша ақпараттық-білім саласы бойынша басылымдарын өңдеу,баспадан шығару.(Буклет,әдістемелік нұсқау, жаднама)
 Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез- құлыққа тән күйзеліс, жабырқаушылық, өз-өзіне сенімсіздік , өзіндік бағаның төмендігі сияқты қасиеттермен түзету (коррекциялық) жұмысын жасау мақсатында
психологиялық тренингтерді әр сыныппен, мұғалімдермен, ата-аналармен жүргізу.Семинар және әдістемелік –нұсқаулық жиналыстар арқылы баяндалды.Диагностика жұргізілді.Темперамент анықтау тесті, жабығу күйінде жүрген жасөспірімдермен жұмыс «Айзенк сұрақнамасы», «Сіздің отбасыңыздағы орныңыз» проективті әдістеме (А.Ассингер),«Суицид тәуекелінің картасы» әдісі (Л.Б. Шнейдер),«Тал» әдістемесі Л.Н.Пономоренконың тесті, Үрей деңгейін анықтау әдістемесі
/Тейлор шкаласы бойынша/,«Суицидалды адамдарды зерттеу сызбасы»,
«Басса –Даркидің эмоциялық тесті», «Стресске бейімділік деңгейін анықтау» Авторы: Э.Ховард, «Зунг» әдістемесі, Ағартушылық-алдын алу бағыттары «Өмір қымбат сый» тренинг, «Мен өзімді мақтан етемін» тренинг-жаттығу, «Ата-ана тәрбиесі стилінің баланың тұлғалық дамуына әсері» Әдістемелік ұсыныстар Астана 2015ж, Депрессиядан қалай арылуға болады?Қысқаша дәріс Түзетушілік-дамытушылық бағыт, Психологиялық кеңес беру бағыты.
   Оқу-тәрбие жоспар негізінде мектепте 1-ші сынып оқушыларының мектепке бейімделгенін анықтау үшін Қыркүйек айында диагностикалық бағытыбойынша оқушылардың психологиялық – әлеуметтік жеке картасын дайындаудан басталды. Сұраныс бойынша жекелеген оқушылардың әлеуметтік жағдайлары зерттелді. Мектеп қабырғасына қабылданған 1 сынып оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы 2022 - 2023 оқу жылында 1 «А» сыныбында 22 оқушы болды. Соның ішінде 8 - і қыз бала, 14 - і ұл бала. Биылғы 2022 - 2023 оқу жылында 1 «Б» сыныбында 21 оқушы болды. Соның ішінде 7 - і қыз бала, 14 - і ұл бала.Бақылау барысында төмендегідей нәтижелер көрініс алды: оқушылар жаңа талаптарға, ортаға, жалпы мектеп қабырғасына әлі толық дерлік бейімделген жоқ, олар үшін жазу дәптерімен, оқулықтағы мәтінмен жұмыс әлі де қиындау, себебі мектепалды даярлық сыныбында талаптар өзгешелеу болған. Сонымен қатар ұстаздарының дауыс ырғағына, сөйлеу мәнеріне әр оқушы әр түрлі үйренісіп келеді.. Дегенмен, оқушылар сабақта өздерін көрсетуге, өз үйренгендерін қайталап айтып беруге құштар.  Жалпы 1«А»,1 «Б» сынып оқушылары мектепте оқуға қызығушылық танытуда. 
1 сынып оқушылары арасында «Керн-Йерасек» әдістемесі жүргізілді.
Осы әдістеме бойынша сыныптар төменгідей нәтиже көрсетті:
1«А» – сынып жетекшісі: Ж.Саметова   
Қорытынды: 1 «А»,1 «Б» сынып оқушылары  жалпы өте белсенді . Атап айтсақ Азатұлы Әмір,Серік Айзере, Қалым Оспан,Дюсебай Әмір,Құсайын Қасым,Қабдаш Дарын,Дастанқызы Алтынай,Ерік Нұрай гипербелсенді қырлары бар.Талғатұлы Ерсұлтан білім алуында ерекше қажілігіне байланысты жұмыс атқару қажет.Сыныптың қарым-қатынасы өте жақсы. Жазу,оқу,сызу,сөздік қорлары жалпы сынып орташа деңгейде.Мектепке бейімделуі қалыпты.
    Бастауыш сыныптан орта буынға өту кейбір оқушыларда көптеген себептерге байланысты әр түрлі мәселелер туындатуы мүмкін (бір мұғалімнің бірнеше мұғаліммен ауысуы, жаңа мұғалімдердің пайда болуы, жаңа пәндер, әр мұғалім өзінің талаптары мен ережелерін қояды, өзге де талаптар және т.б.). Бұл білім деңгейіне, оқушылардың өзіндік психологиялық көңіл-күйіне және тұлғалық қарым-қатынасына әсер етеді. Біздің тарапымыздан жүргізілген психологиялық жұмыс түрі оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуі, мектеппен байланысты мазасыздануын анықтауға бағытталды. Оқушылардың мектепке деген мотивациясын, сыныптастарымен, ата-аналарымен қарым-қатынасын және  сабаққа қызығушылық деңгейін  анықтау мақсатында Н.Лусканованың  «Мектептегі мотивация деңгейін анықтау» сауалнамасы жүргізілді.
     2022-2023 жылдың 12-24 қазан аралығында 5-сынып оқушыларымен төмендегідей бағытта жұмыс жүргізілді:
•Оқушылардың сабақта және үзіліс уақытындағы іс-әрекетін бақылау.
•Жағдайлық үрей шкаласы  «Филипстің әдістемесі»
•«Мектепке қарым-қатынасым» сауалнама
•«Н.Г.Лусканова әдістемесі» 
•«Менің сыныбым әдістемесі»
5-сыныптарда барлығы 48 оқушы бар.
5-сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, үзіліс уақыттарындағы
іс-әрекеттері бақыланды. Оқушылардың басым бөлігі   өздерін сабақта еркін сезіне біледі, мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы.Орта буын оқушыларының бейімделуіндегі мазасыздану деңгейін анықтау  мақсатында жүргізілген зерттеу жұмысы  (Филипстің “Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау” тесті)
Оқушылардың психологиялық денсаулығы зерттеу ,агрессия ,мазасыздық, өзін-өзі бағалау деңгейін диагностикалаубарысында тест, сауалнама ретінде алынды 3-9 сыныптар аралығы.
Жүргізілген зерттеу жұмысы нәтижесінде 5-сынып оқушыларының 20%-ның бойынан мазасыздық белгілері анықталды. Бұл оқушылардың бойында көбіне төмендегі факторлар бойынша мазасыздық белгілері байқалады.№ Факторлар 5а,5б. Оқушылардың 80%-ның бойынан мазасыздану белгілері байқалған жоқ. 5-сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде оқушылардың мектепке деген мотивация деңгейі анықталды. Мотивация деңгейі өте жоғары оқушылар 15%-ды, мотивациясы жоғары оқушылар 36%-ды, мотивация деңгейі орта оқушылар 33%-ды, мотивациясы төмен оқушылар 14%-ды және мотивация деңгейі өте төмен оқушылар 0%-ды көрсетті. - Мектепішілік жалпы мазасыздану – баланың мектеп өміріне енуінің әр түрлі формаларымен байланысты болады. Олар: мұғалімдермен тіл табысу, сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан тілектестіктің барлығы, бала табысты болғанда оның қуанышына шын көңілден ортақ болатындардың барлығы және жалпы эмоционалдық күй-жағдайы.
Қортынды:Яғни оқушылардың жаңа ортаға, мұғалімдер мен жаңа пәндерге толық бейімделгендігін көруге болады. Мұғалімдермен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныш сезімі-мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қорқатынымен байланысты мәселелер, туындамады мұғалімдердің басым көпшілігімен қарым-қатынас жақсы.Оқушылардың теріс эмоция туғызылған жоқ.Оқушылар тарапынан эмоциялары немесе олақтығымен байланысты жағымсыз эмоционалдық күйзеліс туындаған жоқ.
Қазан айында психикалық денсаулықты сақтау бағдарламасын іске асыру барысында кеңес берілді ,кеңес беру журналына тіркелді.Оқушылардың интеллектуалды дамыту зерттеу. Ерекше білім беруді қажетететін оқушыларды анықталды анықтау барысында сауалнама, тест берілді хаттамасы толтырылды. «Тәуекел тобындағы» оқушылардың жеке ерекшеліктерін зеттеу барысында темперамент типтерін анықталды ,зерттеу қортындысы бойынша хаттама жазылды.Жеке ерекшеліктерінің зерттеу жыл бойына созылады.Үлгерімі төмен оқушылар тұлғасының танымдық сферасын сауалнама ,тренигтар алынды хаттамасы толтырылды.
 ДТЖО-мен, балалар құқығын қорғау жөніндегі инспектор мен, әлеуметтік педагог пен,   медицина қызметкері мен бірлескен жұмыс жүргізілді.
                                                  Мектеп психологы: ЕрболанМөлдір Болатқызы
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс көшесі,183 үй

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru