Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі бос лауазымына орналасуға конкурс » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72833) 3-59-05
Бухгалтерия
+7(72833) 3-60-77
Версия для
слабовидящих
» » Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі бос лауазымына орналасуға конкурс
01
август
2023

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі бос лауазымына орналасуға конкурс

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс улица №183.Телефон нөмірі: 87283335905, эл.почта: mynbaiuly@mail.ru
«Үшарал қаласындағы педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Управления образования Алматинской области 1 жүктемемен уақытша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 
2) Лауазымдық міндеттері: 
      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
      режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
      балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
      дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
      қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
      мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
      мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;
      мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
      отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
      19. Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;
      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
      20. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл;
      және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
      21. Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      1) "педагог":
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;
      жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;
      перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
      тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;
      әдістемелік жұмысқа қатысу;
      балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;
      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
      кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
      2) "педагог-модератор":
      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
      перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
      инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
      аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
      өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
      3) "педагог-сарапшы":
      педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
      перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
      балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу;
      балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
      балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
      әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
      өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;
      тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
      4) "педагог-зерттеуші":
      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
      балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
      балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
      тәлімгерлікті қолдану;
      көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану;
      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;
      аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
      облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
      5) "педагог-шебер":
      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу;
      оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;
      балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;
      РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;
      жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.

4) Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап (03.08.2023-11.08.2023) есептеледі. Құжаттарды қабылдау мектеп базасында жұмыс күндері сағат 9.00- 13.00, 14.30-18.00-ге дейін қабылданады.
5)  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабрландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі- уақытша.
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс улица,183 дом

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru