Ата-аналар назарына! 📣2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72833) 3-59-05
Бухгалтерия
+7(72833) 3-60-77
Версия для
слабовидящих
» » Ата-аналар назарына! 📣2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ
14
август
2024

Ата-аналар назарына! 📣2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

Ата-аналар назарына!
📣2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

🖋🔗 АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА‼️

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады.

Құрметті ата-аналар!
🖋🔗Жаңа 2024-2025 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын назарларыңызға ұсынамыз:

1. Мектеп формасының түсі: қара көк (темно-синий)

2. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.

3. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,ақ жейде, юбка (ұзындығы тізеден төмен болуы қажет). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).

4. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.

5. Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы.

🚫 Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге жол берілмейді!
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс улица,183 дом

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru