02
май
2024
«Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім» тақырыбындағы дәрісі өткізілді.
Алакөл ауданының прокуратурасының прокуроры А.Жолан «Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім» тақырыбындағы дәрісі өткізілді. Мектеп оқушыларына кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында жастардың арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары туралы түсіндіру бойынша арнайы бейнеролик көрсетті. Осыған байланысты аталған материалдарды қолдана отырып, мектеп оқушыларын зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында “ Есірткі және жасөспірім “ тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында синтетикалық есірткінің, есірткі сатумен айланысатын адамдардың арбауына түспеу жолдары қарастырылды. Есірткі қабылдаған 10 адамның тек біреуі, өте ұзақ емделу арқылы ғана сауығатыны айтылды. Нашақорлар саны жылдан жылға артып бара жатқанын, ресми мәліметтер бойынша, елімізде 18 мың адам есепте тұрғанын айтты.