Сембек Салтанат Қанатқызы
Сембек Салтанат Қанатқызы -мекткеп директорының оқу әдістеме жөніндегі орынбасары. Мұқаметбай Мыңбайұлы атындағы орта мектепте 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Білімі жоғары. 2012 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – информатика пәнінің мұғалімі. Жалпы еңбек өтілі-10 жыл. Орынбасар ретінде -3жыл. Педагог-сарапшы.
Әдістемелік тақырыбы: Кәсіби біліктілікті дамыған жаңа әдіс- тәсілді меңгерген, өзіндік ой-өрісі, ұсынымы бар, мақсат қоя білетін және оған жету жолдарын таба алатын, тұлға ретінде қалыптасқан мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту.
Мақсаты: мұғалімдер мен сынып жеткешілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- Мектептің педагогикалық ұжымның іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру(озық тәжірибені ендіру, жаопылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену)
- Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру.
- Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен психолог, педагогтік қызметте жекелегн бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшелектерін ескере отрып, диагностикаланған, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету.
- Преподавателиге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету.
- Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өңдеуге ұсыныстар беру.