“Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы” » "Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлкететік мекемесі

«Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-59-05
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-60-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2024

“Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы”

Кәсіби жолында тек даму мен ізденуді міндет еткен, білім мен біліктілігі жоғары, шәкірт жолына шырақ бола білген
Тұрсынбаев Алмас Саматұлы “Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы” жобасын сәтті аяқтап, республикалық кадр резервіне қабылданды.
Бұл Алмас Саматұлының білім кеңістігін игерудегі ілгерінді жаңашыл қадамдары мен ұстаздық жолдағы кедергілерді шешуде оңтайлы, креативті ойлау дағдыларының жоғары екендігін аңғартады.

Алмас Саматұлы бүгін мектеп ұжымымен кездесіп, еңбек жолын осы қара шаңырақ М.Мыңбайұлы ат. орта мектебінен бастағанын айтып, әріптестеріне алғыс білдіре отырып,
курстан алған іс-тәжірибесімен, курстың мазмұнымен және маңызды ақпараттарымен бөлісті.

Бұл кездесуге Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ибраимов қатысып, Тұрсынбаев Алмас Саматұлының білім беру саласына қосқан үлесін жоғары бағалады. Кездесу барысында ұстаз сыни және креативті ойлау, проактивті көшбасшылық, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және оқытудың жаңа тәсілдері туралы құнды пікірлерімен бөлісті.

Алмас Саматұлының бұл бастамасы педагогикалық қауымдастықтың кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, әріптестерінің шабыт алуына себепкер болды. Ол білім беру сапасын арттыру жолында жаңашыл әдістер енгізу арқылы мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Әріптесімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Мекен-жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы,Жеңіс көшесі,183 үй

©2016-2022, Ресми сайт «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru