01
август
2023
2023 жылдың 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» акциясы басталғанын хабарлаймыз!
2023 жылы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен «Жақсылықты жаса» ұранымен Республикалық «Мектепке жол» акциясы басталғанын хабарлаймыз!
📌Баршаңызды әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыға ағымдағы оқу жылында демеушілік көмек есебінен мектепке дайындалуда қолдау көрсетуге шақырамыз.
📌Акцияның ұраны: “Жақсылықты жаса” Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
📌Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.